Жаңалықтар
Талдықорған сервис және технология колледжінде 2023 жылғы 23 қаңтар мен 02 ақпан аралығында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ауылдық колледждердің өндірістік оқыту шеберлері «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «WorldSkills қозғалысының кәсіби стандарттарын «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білім беру процесіне енгізу» тақырыбында 72 сағат көлемінде облыстық тағылымдамадан өтті.
02.02.2023 ж. Талдықорған сервис және технология колледжі @tksit.life Алматы облысы мен Жетісу облыстарының Отельерлері мен Рестораторларының ассоциациясымен @ario_business өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде колледж студенттері мен бітірушілері өндірістік тәжірибеден өтіп қана қоймай, сонымен бірге жұмысқа орналастырылады. Ассоциация мен колледж арасындағы әріптестік тиімді және жемісті болады деп күтілуде.
- Қаралды: 18
25.01.2023 ж., күні өндірістік оқыту шебері Исатаева Б.Ж. құзыреттілік орталығында облыстық тағылымдамаға белсене қатысты. Тақырыбы: Worldskills байқауына технологиялық карта құрастыру.
- Қаралды: 18
Құзыреттілік орталығында облыстық тағылымдама ұйымдастырылды! "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім беру процесіне WorldSkills енгізу. Сарапшылар сынақтары.
2023 жыл 25 қаңтарда Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" құзыреттілігі орталығында "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары үшін облыстық деңгейдегі тағылымдама өтті.
- Қаралды: 16
Талдықорған сервис және технология колледжінің С 11 П топ студенттері, өндірістік-оқыту шебері Калиева С.А. және кітапханашы Исабекова Р.Б. жетекшілігімен, 2023 жылдың 25 қаңтарында, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған белгілі ақыны Ғали Ормановтың 115 жылдығына орай, «Әдебиет әлеміндегі лирик ақын» тақырыбында өткен мәдени іс-шараға қатысты.
- Қаралды: 28
«Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды» Абай Құнанбаев
Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін инновациялық нысандарды енгізу өзекті болып отыр. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді формаларының бірі - шеберлік сағаты сияқты заманауи форма. ТСжТК базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Кондитер» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Истина Ирина Алексеевна және әлеуметтік серіктес, бесінші разрядты кондитер Коляда Екатерина Витальевнаның қатысуымен С31П тобында «Мусс торттарын дайындау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
2023 жылғы 4-13 қаңтар аралығында колледж педагогтары пәндік-циклдік комиссиялар ұйымдастырған келесідей іс-шараларға белсене ат салысты:
2022 жылдың 28 қарашасы мен 02 желтоқсаны аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде жалпы білім беретін пәндер апталығы өткізілді.
- Қаралды: 52
"Үздік педагог - 2022" конкурсының ережесі
- Қаралды: 75
Оқытушыдан жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру қабілеті, белгісіздік жағдайында тәуелсіз әрекет ету және күйзеліске қарсы дағдыларын меңгеру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі.
2022 жылғы 18 мамырда жоғары политехникалық колледж базасында колледж студенттері арасында "Информатика" бойынша өңірлік олимпиада өтті. Олимпиадаға өңіріміз бен Алматы қаласының түрлі колледждерінен қырықтан астам студент қатысты.
Талдықорған сервис және технология колледжінде 2022 жылдың 12 сәуірінде «Езбе-көжелерді дайындау және ұсыну» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын өндірістік оқыту шебері Исатаева Бакыт Жаксылыковна ұйымдастырды. Оған С11П тобының студенттері қатысты.
6 сәуір 2022ж. Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығынының ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу» тақырыбында Республикалық вебинар өтті.
2022 жылдың 5 сәуірінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Теориялық және өндірістік оқыту сабақтарында оқытудың заманауи әдістері мен IT-технологияларын енгізу» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Мақсатты аудитория: арнайы пәндер оқытушылары, 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері.
2022 жылдың 31 наурызында «Жас маман» жобасы аясында Талдықорған сервис және технология колледжінде «Шоколадты қыздыру және салқындату, одан өнімдер дайындау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын аймақтық WS-чемпионатының бас сарапшысы, Алматы экономикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Сейтбекова Асем Кайратовна жүргізді.
ПРЕСС-РЕЛИЗ | Талдықорған қ. | 31.03.2022 ж.
WorldSkills стандарты бойынша шеберлік сағаты. Тақырыбы: «Шоколадты қыздыру және салқындату, одан өнімдер дайындау». Шеберлік сағатының мақсаты: Шоколадты қыздыру және салқындату тәжірибесімен бөлісу.
Бүгін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, біздің колледжге Талдықорған қаласындағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» КММ оқушылары келді.
Информатика оқытушысы Балбырова Асия Муратқызы оқушылар мен студенттерге арналған "Ой күші" халықаралық пәндік онлайн-олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаудағы жоғары көрсеткіштері үшін грамотамен марапатталды. "Информатика" пәні бойынша оқушылар мен студенттерге арналған халықаралық пәндік онлайн-олимпиадада жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
2022 жылдың 21-28 қараша аралығында "Талдықорған сервис және технология колледжінде" жалпы білім беру пәндерінің апталығы өткізілді. Оған 1-2 курс білім алушылары мен колледж оқытушылары қатысты. Пән апталығы – оқушылардың оқу іс-әрекетін арттырудың бір түрі.
РУС
ENG
ҚАЗ