Атырау облысы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №177 «Атырау облысында бастапқы даярлық ұйымдастыру және жүргізу бойынша 2021 - 2022 оқу жылына арналған негізгі іс - шаралар жоспары туралы қаулысын басшылыққа ала отырып 2022 жылдың 17-20 мамыр күндері Атырау энергетика және құрылыс колледжінде колледжінің 2 курс студенттеріне 5 күндік далалық оқу - жиыны ұйымдастырылуда.
Әскери-далалық жиыны кезінде студенттер «Алғашқы әскери дайындық» пәнінен алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, қаруды шашып - жинау, нысанаға тигізу, окоп қазу, жарақат алғандарды тасымалдау, қашықтыққа граната лақтыру және т.б. әскери тапсырмаларды орындады.
РУС
ҚАЗ