«ATYRAU - KVEST» интеллектуалды байқауы
2022 жылдың 14 ақпан күні Атырау облыстық тарихи - өлкетану музейі мен «Атырау» телеарнасыныңбірлескен тележобасы «ATYRAU - KVEST» интеллектуалды байқауына Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 4 белсенді студенттері қатынасты.
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық тарихи - өлкетану музейі мен «Atyraý» телеарнасының бірлескен тележобасы «Туған жер - тұғырым» тақырыбындағы «Atyraý kvest» интеллектуалды байқауы ұйымдастырылуда.
Байқаудың мақсаты:Атырау өңірінің тарихын жас ұрпаққа жеткізу, музей залдарындағы жәдігерлерді өскелең ұрпаққа таныстыру, туған өлкеміздің тарихи - мәдени ғимараттары мен тарихи тұлғаларына қойылған ескерткіштерін насихаттауды мақсат етеді.
Байқаудың шарты бойынша студенттер:Екі топ қатар жарысады. Оларға музей ішіндегі жәдігерлерге қатысты 8 тапсырма беріледі. Сұрақтың жауабын музей залдарынан табады. Бірінші боп тауып, дұрыс жауап берген топ 1 ұпайға ие болады. Егер жауап нұсқасы қате болған жағдайда, қарсылас топ өз ойын айтып, дұрыс болса, толық 1 ұпайды иелене алады.
РУС
ҚАЗ