2024 жылдың 1 - қыркүйек күні Атырау энергетика және құрылыс колледжі Білім күні мерекесіне орай, колледжімізде жаңа 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Қош келдің, жас талапкер - 2024» атты салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты шараға колледждің ардагер ұстаздар,ата - аналар қатысты.
Салтанатты жиынды колледж директоры Джумағазиев Тухфатолла Махфузұлы ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, оқуға қабылданған талапкерлерді мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан қонақтарымызда ұстаздар мен ата - аналарды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Әрі қарай іс - шарада колледждің белсенді студенттерінің өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, колледж табалдырығын жаңа аттаған талапкерлер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.
Жиынның соңы бірыңғай «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ,сапалы білім,табысты ұлт» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!
РУС
ҚАЗ