2024 жылдың 15 - 20 қаңтар аралығында колледждің жылдық оқу - әдістемелік жоспарына сай «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі кәсіби педагогикалық іс - әрекет» тақырыбында әдістемелік апталық өз жұмысын бастады.
Осы апталық аясында 2024 жылдың 16 қаңтар күні «Ұлттық тәрбие негізінде жан - жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында жаратылыстану - математика пәндер бірлестігінің тәжірибе алмасу семинары өтті.
Мақсаты:
Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет - ғұрпын құрметтей білетін, жан - жақты білімді де саналы парасатты тұлға қалыптастыру;
Студенттерге ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;
Білімді жетілдіру;
Пән олимпиадаларына студенттерді дайындау;
Семинарға жалпы пән оқытушыларымен қатар, өндірістік оқыту шеберлері де қатысты.
Семинар барысында:
Информатика пәні бойынша Кабиева А.С, Бөлекбаева Г.Х
Физика пәні бойынша Меңдіғалиева Г.Г, Нуркасимов Р.И
Биология пәні бойынша Есенғалиева Б.С
Математика пәні бойынша Мукашева А.С, Мурзабекова Б.С
Дене тәрбиесі бойынша Сандибаев А, Сырымбетұлы Ш оқытушылары курсқа барғандағы тақырыптары бойынша,өз баяндамаларын қорғап, ортаға тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында Аграпова Г.У,Ізбасқанқызы Ш сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушыларға жақсы көңіл күйге сыйлады. Семинар жоғарғы дәрежеде өтті.
РУС
ҚАЗ