Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сай қазақ халқының салт дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасы туралы студенттердің ұлттық сана - сезімін ояту мақсатында 19 наурыз - «Жаңару» күні аясында «Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз» атты тәрбие бөлімінің онкүндігі аясында.
2024 жылдың 19 наурыз күні 1 курс 11 топ Электрмен қамтамасыз ету және 1 курс 27 топ Техник электрик мамандығының топ жетекшілері Мухитова Н. және Аграпова Г.,Садыков А.О. «Төрле, төрле Әз - Наурыз» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері,ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт - дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
Ауызекі сөйлеу арқылы студенттердің дүние танымын кеңейту.
Студенттерді елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу
РУС
ҚАЗ