Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
AA+

2024 жылдың ақпан айының 5 - 12 аралығында «Еңбек нарығында озық және сұранысқа ие мамандықтардың бірі» атты электрмен қамтамасыз ету және бағдарламамалық қамтамасыз ету бөлімінің апталығының жоспарына сай 9 ақпан күні апталық аясында өндірістік оқыту сабағы «Сымдар мен кабельдерді қосу және ұштау» тақырыбы бойынша 1 курс 11 топ Электромонтаж мамандығының студенттерімен өндірістік оқыту шебері Садыков А.О. өткізді.

Сабақтың мақсаты: Теориялық сабақпен өндіріс сабағын ұштастыру, сымдар мен кабельдерді ұштауға және қосуға жұмыстарына арналған құрал - саймандармен таныстырып, жұмыс жасауды үйрету;Сымдар мен кабельдерді ұштауға және қосуға жұмыстарына арналған құрал - саймандармен таныстыра отырып, оқушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын көздеу, теориялық білімін практикада қолдану қабілеттерін дамыту;Таңдаған мамандықтары мен техникаға сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Сабақ барысында Сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұштау тәсілдері және Техника қауіпсіздігі айтылып өтті.