2024 жылдың 17 - қаңтар аралығында колледждің жылдық оқу - әдістемелік жоспарына сай «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі кәсіби педагогикалық іс - әрекет» тақырыбында әдістемелік апталық өз жұмысын бастады.
Осы апталық аясында 2024 жылдың 17 қаңтар күні « Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде жаңа оқу технологияларын қолдану» тақырыбында Қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінің тәжірибе алмасу семинары өтті.
Мақсаты:
Білім беру мазмұнындағы жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана отырып, инновациялық білім негіздерін терең меңгеру.
Студенттерге ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;
Семинарға жалпы пән оқытушыларымен қатар, өндірістік оқыту шеберлері де қатысты.
Семинар барысында:
Тарих пәні бойынша Жумагалиев С.М.
Ағылшын тілі пәні бойынша Избасарова А. Т.
Қазақ тілі пәні бойынша Габдуллина А. К
Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша Аманова Г.С, Бисембиева А. С
География пәні бойынша Көшербаева Б. А. Осы оқытушылар курсқа барғандағы тақырыптары бойынша,өз баяндамаларын қорғап, ортаға тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында Губашева Д. С, Сисенбаева Д. М сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады. Семинар жоғарғы дәрежеде өтті. Барлық оқытушылар іс - тәжірибе алмасып жақсы көңіл - күймен тарқасты.
РУС
ҚАЗ