Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
AA+

Колледжімізде 05.03.2024 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енген аттестаттау ережелеріндегі өзгерістермен таныстыру мақсатында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы колледж ұжымына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын колледжі әдіскері Хайруллина Мира Нұрғалымқызы жүргізді. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының негізгі мәселелеріне тоқталып, толық ақпарат берілді:
-Өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртібі;
- Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады (2-т, 9-т)
- Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі (4-т, 79-т.)
- Педагогтер жетістіктерінің тізбесіне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілген
-Мұғалімді бағалау өлшемшарттары;
-Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы;
-Аттесталатын педагог іс-әрекетінің нақты қадамдары;
- Екінші, бірінші, жоғары санаттағы 40 000 астам педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына ауысады
- ПББ тесті қанағаттанарлықсыз болған жағдайда: растау кезінде - санат бір деңгейге төмендейді, жоғарылату кезінде - санат ПББ нәтижесінен жоғары болмайды
- ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де тапсырады.
-Педагогтің сабағын (оқу сабағын, іс-шараны) бағалау критерийлері, т.б
“Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары” жобасы порталда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Жиынға 40 қа жуық педагог қатынасып, қойылған сұрақтардың бәріне толық қанағаттанарлық жауап алды. #аттестацияпедагогов2024
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы @orleuatyrau