Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
AA+

2022 жылдың 20 сәуір күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде, Атырау облыстық Әдістемелік орталығының қолдауымен «Психологтың кәсіби шеберлігі: ынтымақтастық, тәжірибе, даму» тақырыбында республикалық семинар - тренинг ұйымдастырылды. Семинар тренинг жұмысы Атырау энергетика және құрылыс колледжінің педагог - психологі Нығметова Эльмира Қуатқызы қатынасты.

Семинар - тренигтің мақсаты: Психологтардың этикасын және кәсіби шеберлігін дамыту. Психологтың кәсіби шеберлігін дамыту; Кәсіптік стресс, күйзелістің алдын алу; Психологқа тән этикалық қасиеттерді қалыптастыру.
Семинар жұмысына Алматы, Тараз қалаларынан және Атырау облысы бойынша колледж психологтары мен әдіскерлер қатынасып, ынтымақтастықта тәжірибе алмасып, жұмыстар көрсетілді.
Соңында спикерлерге Алғыс хат, барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Семинар жұмысы сәтті аяқталып, қонақтар тарапынан ризашылық сезім, жағымды эмоциялар көрсетілді.