2023 жылдың 26 желтоқсан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің Студенттер үйінде жатақхана студенттерінің ұйымдастыруымен Жаңа жыл кеші өтті.
Бағдарламада тек жақсы көңіл - күй, көңілді әзілдер және жағымды эмоциялар болды. Бұл кеште Жаңа жыл қарсаңындағы ең жылы сөздер мен тілектер айтылды.
Студенттер дайындаған музыкалық нөмірлер, театр қойылымдары, билер бір - бірін толықтырып, мерекелік көңіл - күй сыйлады. Аяз ата мен Ақшақар қонақтарға тәтті сыйлықтар дайындап, ең үздік бөлме безендіру конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Жаңа жыл Сіздерге көп қуаныш пен көтеріңкі көңіл - күй, мықты денсаулық, табыс, бейбітшілік пен бақ - береке әкелсін!
РУС
ҚАЗ