Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
AA+

«Атырау энергетика және құрылыс колледжі» КМҚК директоры Темірташев Нұрғали Құмарұлы «Альянс-БиКоммерц» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Гончаров Геннадий Петрович пен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мәні мамандарды сапалы даярлау мақсатында қолдау көрсету:

Оқытудың инновациялық технологияларын, оның ішінде дуалды оқытуды енгізуді ұйымдастыруда;

Студенттердің өндірістік практикасын өткізуді ұйымдастыруда, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлауда, біліктілігін арттыруда, тағылымдамадан өткізуде;

Мамандықтар бойынша мамандар қажеттілігін анықтауда, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруда;

Студенттер мен педагогтар арасында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кәсіби шеберлік конкурстарын, Worldskills чемпионатын өткізуге (Worldskills-халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. Чемпионатта практикалық жұмыстың орындалуын бағалау арқылы білімі мен ынтасын тексеру жүзеге асырылады);

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері ретінде жұмыс істеу үшін өндірістен жоғары білікті мамандарын тартуға.