2023 жылдың 31 наурыз күні «ТАЗА ТАБИҒАТ» экологиялық акциясы аясында Атырау энергетика және құрылыс колледжінде жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарына оқу орнымыздың 50 студенті мен оқытушылар қатысты.
Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Сонынмен қатар қызметкерлер мен студенттер оқу корпустары мен студенттік үйлердің айналасында да тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік аясында оқу орнымыздың аумағын күл-қоқыстан тазартумен қатар, ағаш отырғызу, көгалдандыру сияқты жұмыстар қолға алынды. Сондай-ақ ағаштар мен бұталарды отырғызу, бақжолдарын тазалау, жасыл желектерді отырғызу үшін күзгі тазалық жұмыстар жүргізілді.
РУС
ҚАЗ